Қазіргі таңдағы «замануи терроризм» ұғымы біріншіден саяси феномен екенін мойындауымыз қажет. Жаңа заманда «соғыс», яғни, қарулы әскери агрессия халықаралық құқық нормалары бойынша заңсыз тыйым салынған әрекет болып саналады.
Сондықтан бүгіндері астыртын, қарусыз соғыстың жаңа форматтағы әдістері дамып жатыр. Ал осы әдістердің айқын көрінісі «терроризмді» саяси құрал ретінде пайдалану болып отыр.
Бүгінгі «заманауи терроризмнің» ерекшелігі – оның артында кім тұрғанын, қандай мақсатты көздегенінің жасырын болуында. Әдетте бұл адамзатқа қауіпті, зиян іс-әрекеттің «орындаушылары» өздерінің не істеп, не қойып жатқанын түсінбейтін, білмейтін «діни догмалардың» арбауына түскен қуыршақтар болады.
Мұндай террорлық актілердің нақты қандай мақсатты көздегені жылдар өткеннен кейін ғана, сарапшы мамандардың зерттеу жұмыстарының көмегімен ашылып жатады.
Қазіргі саяси – құқықтық құндылықтар жүйесі ақпараттық қоғам формациясының экспансиялық әсерінен өзгерістерге ұшырап, қайта бағамдалып жатқан сәтте «замануи терроризм» құбылысы өзі пайда болған барлық жерде «мультипликативті эффекті» тудырып жатыр. Қоғамдық пікір мен саяси билік арасындағы байланыста, әдетте тікелей бағытқа ие манипулияциялық әдістерде жанама атқарушылық табиғатқа ие болып, түр өзгертуде.
Мәселен, «қорғау», «қауіпсізденіру» желеуімен терроризмнің «жасырын» саяси – экономикалық мақсаттарға қызмет еткен іс-әрекеттерін ақтау. Осындай жасырын мақсаттарды көздеген террорлық актілерді орындау үшін алғышарт ретінде «құрастырмалы қауіп», «секьюритизация» әдісі қолданылады. Яғни әлеуметтік, мәдени немесе саяси құбылыс пен тақырыпты «өзекті ішкі немесе сыртқы қауіпсіздік» деңгейіне дейін көтеру. Батыстық бірқатар сарапшылардың пікірінше, «құрастырмалы (конструктивті) қауіп, үрей» көпшілік жағдайда қауіпсіздікке қатысы жоқ тақырыптарды «қауіпті», «қорқынышты» етумен байланысты дейді. Қысқаша айтқанда, бүгіндері терроризм террорға теңелген.
Мәселен, әлемде жол үстінде көлік апатынан қайтыс болған адамдардың саны «халықаралық терроризмнің» салдарынан қайтыс болған адамдардың санынан мың есе артып түседі. Алайда сіздің санаңызда жол мен автокөліктің қауіптілігінен гөрі, террористік актінің қауіптілік үрей тудыру перспективасы басым. Бұл медиа мен саяси құралдар арқылы сіз бен біздің санамызға салынып жатқан «үрей» мен «қорқыныштың» проекциясы. Терроризм қауіпті және қорқынышты, алайда мәселе әрбір террордың артында жасырынған «үлкен террор» бар екендігінде.
«Замануи терроризм» құбылысы ашық манипулияциялық табиғатынан бөлек, азаматтардың санасына және саяси режимдерге әсері арқылы өз кезегінде «секьюритизациялық» эффекті тудырады. Мәселен, кезінде дәл осындай мысалмен АҚШ саяси авантюралар жасап, Ауғанстан мен Ирак, кешегі Сирия мемлекеттерінің жеріне басып кіріп, Таяу Шығыс аймағында саяси – әлеуметтік балансты бұзған болатын. Кез келген мемлекет пен саяси күштен жасанды құбыжық – «Левиафан» жасау «замануи терроризмге» тапсырыс берушілерге таптырмас құрал.
«Орта Азия елдері Ресеймен бірге халықаралық терроризмге қарсы тұруы керек» деген тезис экпансиялануда.
Мысалы, біздің бүгінгі ақпараттық кеңістігімізде Орта Азия елдеріне халықаралық террористік ұйымдар тарапынан төнетін қауіп-қатері жиі жазылуда. Кешегі Сирия жерінде күйреуге ұшыраған «ДАИШ» секілді ұйымдардың Орта Азия мен Орталық Азия аймағына локация ауыстыруы халықаралық қауіпсіздіктің күн тәртібінде тұрған мәселелерінің бірі.
Дегенмен Орта Азиядағы діни экстремизм мен терроризмнің қауіп-қатері туралы ақпараттарды сараптасақ, олар да біржақты ақпараттық табиғат, бір сарындылық басым екені байқалады. «Орта Азия елдері Ресеймен бірге халықаралық терроризмге қарсы тұруы керек» деген тезис экпансиялануда. Ресей – аймақтағы беделді, маңызды ойыншы. Оның үстіне Ауғанстан жерінен бастау алатын созылмалы деңгейге жеткен террористік, экстремистік мәселелер бар. Алайда «халықаралық терроризмнен» конструктивті қауіп жасап, секьюритюзациялау, бұл аймақта кімге қандай пайда әкелетінін өз уақытында көреміз деп ойлаймын.
Дін атын жамылған терроризм мен экстремизммен күресуге бөлініп жатқан қаржымен, онан келіп жатқан қаржылық зардапқа қарасаңыз, терроризм тақырыбы өз алдына «нарық» қалыптастырып отырғандығын көреміз.
Мына бір статитсикалық мәліметке қарайтын болсақ, 2000 – 2016 жылдар аралығындағы «замануи терроризм» кесірінен әлемдік деңгейдегі келтірілген шығын көлемі беріліген. Соңғы жылдардағы Сирия жеріндегі қарулы қақтығыстарды ескеретін болсақ, бұл көрсеткіштер арытпаса, кемімегені анық. Дін атын жамылған терроризм мен экстремизммен күресуге бөлініп жатқан қаржымен, онан келіп жатқан қаржылық зардапқа қарасаңыз, терроризм тақырыбы өз алдына «нарық» қалыптастырып отырғандығын көреміз. Және де осы терроризммен күресіп жатқан саяси күштердің ешбірі күресті өз территориясында жүргізіп жатқан жоқ. Халықаралық терроризммен күрес, бұл жаңа геосаяси мүдделер мен энергетикалық ресурстарға салынған «инвестиция» болып отыр.
Соңғы жылдардағы АҚШ пен Ресей арасындағы конфронтациялық көңіл күйлер, халықаралық терроризмге күрескерлер санын тағы бір ойыншыға артқызды. Оған дәлел Сирия жеріндегі қарулы қақтығысқа Ресейдің де «ашық» түрде терроризммен күресу үшін әлемдік деңгейде әскери іс – қимылдарға барғандығы.
Ендігі жерде бейбітшілік ұранымен Ресейде халықаралық терроризмге қарсы батыл қадамдарға бара алады. Ұжымдық Қауіпсіздік Келісімі мен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы аясында да Орта Азиядағы «замануи тероризмнің» қауіп – қатері өзектендіріліп келеді. Кейбір мемлекеттің басшыларының ауызымен де төніп келе жатқан «қауіп» жөнінде көптеп айтқызылуда. Қандай да бір келісім мен серіктесіктің аясындағы достық болмасын, біз тәуелсіз жас мемлекет ретінде сыртқы не ішкі болсын мәселерді пайдаланып кетуге болатын деструктивті қалыптасуларға жол бермеуіміз керек.
Сондықтан, «замануи терроризм» табиғатымен күресте ескеретін жайттардың бірі, мемлекет әлеуметтік құрылым ретінде дінді дұрыс түсіне алу керек. Соның ішінде ислам дінінің сүнниттік бағытындағы танымдарын. Себебі нақ осы ислам доктринасы ішінен терроризмге тапсырыс берушілердің қажеттілігі өтелуде.
Снадин Асылбек,
дінтанушы, тәуелсіз сарапшы