Дін дәстүрмен, ұлттық тарихпен, тіл, ділмен ұштасқан кезде толық руханиятқа айналады. Адам болмысын болымсыз етіп, сеніміне селкеу түсіргісі келетін жат пиғылды діни ұйымдар алдымен ұлттық құндылықтан айырады. Кейін төл тарихын ұмытқан ұрпақты өз дегеніне дереу көндіреді. Сондықтан адам адаспаймын десе алдымен өткенін естен шығармауы керек.