Бүгін Маңғыстау облысы дін істері басқармасы Ақпараттық түсіндіру және қарсы насихат бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Ордаған Қызылтөбе ауылы әкімі аппаратының қызметкерлерімен «Зайырлылық – ел тірегі» тақырыбында кездесу өткізді.
Іс-шара барысында Нұрсұлтан Махмутұлы зайырлы мемлекеттің қағидаттары, конфессияаралық және дінаралық татулық, сондай-ақ діни білімді ғаламтордан алудың қаупі турасында әңгіме қозғады.
Кездесу соңында әкімдік қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді.