Сұрақ: Зайырлылық дінге қарсы ма?
Жауап: Зайырлылық – басқару жүйесінде дінге сілтеме жасамастан мемлекеттің діндерге деген бейтараптылығын ұстанатын қағида. Яғни, өмір сүру салты мен дүнияуи істерге дінді араластырмау. Шетел тіліндегі «лаицизм», «секуляризм» атауының орысша мағынасы «светскость» сөзінің баламасы «зайырлылық» деп қолданысқа енген.
Ғалымдар зайырлылық сипатын мынадай қағидалармен анықтаған: діни сенім бостандығы, азаматтардың теңдігі, мемлекеттің діндерге деген бейтараптылығы, діннің мемлекеттен бөлінуі.
Шыны керек, қазіргі кезде қоғамда кей азаматтар зайырлылықты Исламға жат, не оған қарсы құбылыс ретінде бұрыс пайымдап жүр. Зайырлылық шын мәнінде дін емес, идеология да емес. Зайырлылықты тарихи тәжірибеден өткен діни сенім бостандығына кепілдік беретін ұстаным ретінде қарастырған жөн.
Икрам АЙТАЕВ