Зайырлылық пен діндарлық екі бөлек дүние емес, оларды салалас (параллель) ұғымдар ретінде де, қарама-қарсы ұғымдар ретінде де қарастыруға болмайды. Зайырлылық − мемлекеттің, ал діндарлық − жеке тұлғаның сипаты.
Зайырлы мемлекет аясындағы қоғам ішінде діндар да, дінсіз де, құдайды мойындағанмен, құлшылық жасамайтындар да қатар өмір сүре береді. Олардың барлығы да зайырлылық қағидаттарын, зайырлы мемлекет заңнамаларын мойындамаса, оның аясында тіршілік ете алмас еді. Яғни зайырлы көзқарастарды қабылдап, олардың да дамуға құқылы екенін мойындау – зайырлы мемлекеттегі дінді-дінсіз әрбір азаматқа тән ерекшелік.
Әрбір дәстүрлі дінде зайырлылық қағидаттарымен үндесетін көзқарастар мен құндылықтар жеткілікті дәрежеде кездеседі. Әсіресе исламда зайырлылық қағидаттары мейлінше терең орныққан. Сондықтан шынайы мұсылман адам зайырлы көзқарастары да берік тұлға бола алады. Ал құқықтық жағынан алғанда зайырлы мемлекетте діни сенім бостандығы қамтамасыз етілетіндіктен, мұсылман адамның бес парызын орындауына ешбір тыйым салынбайтыны белгілі.
Ислам іліміне сәйкес діндар адам туған жерін, халқын, отбасы мен мал-мүлкін қорғауды қасиетті борыш деп санайды. «Отанды сүю – иманнан» деген хадис діндар адамды отансүйгіштікке жетелейді. Ал зайырлы заңнамаларда отансүйгіштік құндылығы Ата Заң мен басқа да құқықтық нормаларға, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қараудан бастап, жалпы адамгершілік-өнегелілік құндылықтар аясында ерекше орын алады.
Діндар адамның зайырлы және діни құқығы әрі міндеті – білім алу. Бұл ислам дінінде әрбір мұсылманға жүктелген парыз болса, зайырлы құқықтық нормаларда әрбір адамға артылған міндет болып табылады. Дінді дұрыс түсініп, шынайы сеніммен ұстанушы адамның бойынан табылатын көптеген ізгі қасиеттер зайырлылықтың моральдық-адамгершілік қағидаттарымен толығымен үйлеседі.
Өз кезегінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Шынайы мұсылман келбеті» тәлімінде санамаланған заңға бағыну, басшыға бойсұну, өзге дін өкілдеріне құрметпен қарау, қоғамға пайдалы болу, еңбекқорлық, ысырапқа жол бермеу және сараңдықтан бойды аулақ ұстау, бауырмалдық, сыртқы келбеті мен тазалығына мән беру секілді қасиеттердің барлығы діннің де, зайырлы моральдық-этикалық қағидаттардың да талабы болып табылады.
Сондықтан шынайы діндар адамды зайырлы мемлекеттегі және тұтастай алғанда кез келген қоғамдағы озық өмір салтымен толық үндестікте өмір сүруге қабілетті тұлға деп таныған жөн.
А.Әбдірәсілқызы