2022 жылдың 27 қыркүйек күні Маңғыстау облысы дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жастар арасында «Зайырлы ел – қайырлы мекен» тақырыбында викториналық сұрақ-жауап сайысы өтті.
Шараны «Отпан» Ақпараттық-түсіндіру және оңалту орталығы, Өтегенов Бағдаулет ұйымдастырды.
Шараның мақсаты: Зайырлылық – салт-дәстүріне, дүниетанымына, ұстанатын дініне байланысты өзіне тән ерекшелігі. Зайырлылық – демократияны ұстана отырып, ұлттық дүниетанымға еркіндік, ар-ождан мен діни сенімге бостандық беріп, мемлекеттің діни емес, құқықтық қағидаттармен басқарылуын қамтамасыз ету.
Толеранттылық, дінаралық достық, конфессияаралық келісім – біздің басты байлығымыз. Осы құндылықтарымызды одан әрі байыту әрі нығайту жолында еңбектене беруіміз керек. Елімізде дін негізіндегі кикілжіңдер, жанжалдар, түсініспеушіліктер жоқ. Әр діннің өкілі өз құлшылығын емін-еркін атқаруда. Мұсылмандар мешітке, христиандар шіркеуге, өзге де дін ұстанушылар өзінің құлшылық қылатын ғибадатханаларына барып, Құдай алдындағы борышын атқаруда. Олардың өзара қарым-қатынасы да әлемнің өзге аймақтарында ұлттар мен ұлыстар үшін үлгіге айналды. Бұл зайырлы қоғамның анық көрінісі, Қазақстанның қол жеткізген тамаша жетістігі.
Ойын шарты: Ойынға қатысушыларды үш топтан тұрады: «Озат» тобы «Жүйрік» тобы «Алаш» тобы.
Ойын үш кезеңнен тұрады, әр кезеңнің 3 тапсырмасы бар. Бұнда кездесетін тапсырмалар жан-жақты қамтылған әр түрлі тақырыптарда «Толеранттылық», «Зайырлы қоғам түсінігі», «Дін мен дәстүр түсінігі», «Теріс ағымдар», «Тарих» сұрақ-жауаптар құрастырылды.
Шара соңында бірінші орынды Алаш тобы, екінші орынды Озат тобы, ал үшінші орынды Жүйрік тобы иеленді. Қатысушыларға кітаптар сыйлық ретінде табысталды.