Ибрахим ибн Әдһәм бірде дастарқанын мол етіп жасатады. Сонда Суфиян тұрып:
– Уа Әбу Ысқақ, мынауың ысырапшылық деп қорықпайсың ба?- дейді.
– Қонаққа қойылған тамақ ысырапқа жатпайды, – деп жауап береді ол.
Маған серік болыңыздар
Сахабалар дәуірінде мырза кісілердің бірі дастарқан жайып, қонақтардың алдына тамақ түрлерінің барлығын қойып, олар әбден жеп алғанша тамаққа араласпайды екен.
Қонақтар тамағын жеп болып қалды-ау деген кезде үй иесі дастарқанға тізерлеп отырып, тамаққа қолын созып:
– Бисмиллә! Алла сіздерге береке берсін, маған серік болыңыздар, – деп тамақ жеуді қайтадан қолқалайды екен. Сахабалар да оның бұл ісін ұнататын болған.
Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ