– Ғылым үйреніңдер! Расанда, Алла үшін ғылым үйрену – тақуалық. Оны талап ету – құлшылық.
Ғылымды оқу – Алланы зікір ету. Ғылымды іздеу – жиһад.
Ғылымды білмейтін адамға үйрету – садақа. Ғылымды лайық адамға беру – Аллаға жақындау.
Ғылым жалғыздық кездегі – жаныңдағы серігің, жолүстінде жолдасың, қуаныш пен қайғы кезде ортағың, қиын қезде демеушің, жат жерде жүргенде – бауырың және жәннат жолындағы шамшырақ.
Алла ғылымның арқасында пендесін – елді көркейтетін, басқаларды соңынан ерітетін көшбасшы әрі тура жолды көрсетуші мырза етеді.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ.