Келесі күні Тәуратты қайта оқуға кіріскен кезде 8-ші беттен тағы
да пайғамбарымыздың есімін оқиды. Бұл беттерді де жыртып тастайды. Үшінші күні тағы 20-ші бетте пайғамбарымыздың есімін кездестіреді. Бұл жолы беттерді жыртпай терең ойланады да іштей:
– Тәуратта оның есімі кездескен барлық беттерді жырта беретін болсам онда кітаптан түк қалмайды. Мұнда бір мен білмейтін сыр болса керек, дейді.
Сол уақытта ардақты пайғамбардың (с.ғ.с.) ислам дінін уағыздап, мұсылмандардың қарасы көбейіп жатқандығы туралы хабар Дамаскіге дейін жеткен болатын. Яһуди бір күні жолға шығып ұзақ сапар шегіп, қасиетті Мәдинаға жетеді. Алайда, ол уақытта ардақты пайғамбар 4 күн бұрын өмірден өткен болатын. Яһуди мұны естігеннен кейін көңілі түсіп, құрма ағаштың саясында отырған кезде Әли ибн Әбу Талиб келіп:
– Алланың сізге сәлемі болсын! Сен кім боласың? Жергілікті тұрғынға ұқсамайсың. Неге көңілің түсіп отыр? – деп сұрақтың астына алады. Яһуди:
– Мен Дамаскіден келген яһуди дінбасымын, деп қысқа қайырады. Сонда Әли ибн Әбу Талиб:
– Тәураттан пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) есімін көрген кезде сол
беттерді жыртқан яһуди сен бе едің?
Таңырқаған Яһуди:
– Иә, Мен. Оны қайдан білесің? деп орнынан тұра кетеді. Әли ибн Әбу Талиб:
– Сенің келетініңді пайғамбар (с.ғ.с.) әу баста көзі тірісінде айтқан болатын, дейді.
Яһуди көсемі мұндай сөзден кейін ислам дінінің ақиқаттығына ешқандай
күмәні қалмайды. Артынша «Лә иләһә илаа Аллаһ, Мухаммаду расул Аллаһ», деп кәлима айтып, сол жерде мұсылмандықты қабылдаған екен.
Жалғас АСХАТҰЛЫ