Маңғыстау облысы Дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында а.ж. 19 маусым күні «Шынықсаң – шымыр боласың» атты тақырыпта Маңғыстау облысы бойынша әйел жамағаты арасында волейболдан жолдастық кездесу өтті.
«Отпан» ақпараттық-түсіндіру және оңалту орталығы облыстағы әйел жамағатын жинап, қоғамға бейімдеу және көпшілік мәдени, спорттық шара ретінде ұйымдастырды. Әйел жамағаты арасынан өткен шарада бес команда сайысқа түсті. Олар «Бекет-ата орталық мешіті, қалалық мешіті, Миғраж мешіті, Харекет тобы және Төлей Ишан мешіті» бойынша бақтарын сынады.
1-ші орын: Миғраж мешіті
2-ші орын: Орталық Бекет-ата мешіті
3-ші орын: Қалалық мешіті
Сайысқа қатысып бақтарын сынаған асыл аналарымызға қазылар алқасының шешімі бойынша орындар анықталып, сыйлықтар табыс етілді.