Қазақ тілі заман көшіне ілесіп ілгері дамыған сайын оны үйренгісі келетін өзге ұлт өкілдерінің қатары артқан. Олардың ішінде ана тілін ұмытқан қазақтардың өздеріне мемлекеттік тілді оқытып жүрген жандар бар. Соның бірі – белгілі полиглот Владислав Тен. Оншақты жыл бұрын Өзбекстаннан елімізге қоныс аударып, қазақ тілін 1 жылдың ішінде меңгеріп алған ол қазір мемлекеттік тілді үйренуге деген сұраныс күн санап артып келе жатқанын айтады.