Сұрақ: «Вегандықтың» діндегі орны қандай?
Жауап: Вегетариандық пен вегандардың арасындағы айырмашылық ол –вегетариандар сүт, жұмыртқа секілді өнімдерді қолданады, бірақ ет өнімдерін жемейді, яғни жануарды өлтіру арқылы алынатын өнімдердің барлығынан бас тартады (төрт түлік, құстар, балық, молюск және т.б.). Ал вегандар болса, жануарлардан алынатын өнімдерді мүлде пайдаланбайды (сүт, жұмыртқа, ірімшік, май), тек өсімдікпен қоректенеді. Жануарлардан жасалған киім немесе заттарды да пайдаланбайды.
Бұл тақырыпқа қасты кейбір деректер мынаны айтады:
Вегетариандықтар мен вегандықтардың диетасы денсаулыққа зиян екені анықталған. Германияда жүргізілген зерттеу, вегетариандықтардың 26%, вегандықтардықтардың 52%, оған қоса дәрумендерді пайдаланбайтындардың 90% – В12 тапшылығы болатындығы және соған сәйкес денсаулығында қиындықтар туындайтындығын көрсеткен.
Негізінде, басты мәселе мынада: егер, вегандық жолды ұстанған адам Аллаға және Оның жіберген кітаптарына иман келтірмеген болса, онда онымен бұл мәселе жайында сөз қозғау артық болмақ. Себебі ол Қасиетті кітаптарға иман келтермейді. Сондықтан оған діндегі нормалар маңызды емес.
Ал егер вегандық жолды ұстанушы адам, үш монотеистік діннің бірін ұстанатын болса, онда ондай адамдарға былай деп уәж айтуға болады: «Сендердің иман келтірген Құдайларың, Таурат, Інжіл немесе Құранда: «Адамдар жануарлардың етін және сүтін қолдануына болады», – деп рұқсат берген. Сендердің бұл әрекеттерің Қасиетті мәтіндермен ұйлеспейді. Бұлай амал жасау – Алла жануарларға мейірімділік танытпайды, жанашырлық көрсетпейді, жануарларды аяқ асты қылған деген мағынаны білдіреді. Яғни, сендер вегандық жолды ұстану арқылы өздеріңді Алладан да мейірімді, білімді, рақымдымыз деп санайсыңдар. Негізінже хазіреті Ибраһим (ғ.с.), Мұса (ғ.с.), Иса (ғ.с.) және Мұхаммед (с.ғ.с.) ет жеген.
Осы тұрғыдан алғанда вегандар Алланың жаратылыс заңдарына, денсаулық сақтау мамандарының тұжырымдарына және жалпы адам атауы құп көрген тамақтану әдебіне қарсы.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ