Павлодар облысы, Успен ауданы, Қаратай аулында жаңа мешіт ашылды. Ауыл халқы жұмыла кірісіп, бүгінгі күн талабына сай етіп көтерген құлшылық үйінің мұнаралары алыстан менмұндалайды.
“Ауылымызда бұрын да кішкентай ескі мешіт болған. Алайда дін жанашыры, кәсіпкер Жоламан Сәкенұлы ағамыз өз қаражатымен бұл мешіттің ашылуына басты демеуші болды”, – дейді аулы мешітінің имамы Ардашир Байсельдинов.
Іс-шараға Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы, облыстық Дін істері басқармасының басшысы Дәулет Закариянов, Успен ауданы әкімінің орынбасары Кабиболла Аманұлы, т.б. қатысты.
Бс имам Жолдас Қоспақұлы бұл сауапты істің демеушісі болған Жоламан Сәкенұлына ҚМДБ-ың Павлодар облысы өкілдігінің атынан арнайы алғыс хат табыс етті.