Біріншіден, егер нәпсінің жетегіне еріп кеттім-ау деп өкініп жүрсеңіз, онда құлшылығыңызға көңіл бөліңіз!
«…Намазды тастап, нәпсілеріне ерді» (Мәриям сүресі, 59-аят).
Екіншіден, егер сәтсіздікке ұшырап, бақытты бола алмай жүрсеңіз, онда анаңызбен қарым-қатынасыңызға мән беріңіз!
«Ол мені анама өте жақсы ұл етті. Ол мені залым немесе пайдасыз бейшара қылған жоқ» (Мәриям сүресі, 32-аят).
Үшіншіден, егер қаржылық қиындыққа тап болсаңыз, онда Құран-Кәріммен арақатынасыңызды дұрыстаңыз!
«Кім менің насихатымнан бет бұрса, оның тұрмысы таршылықта өтеді…» (Таха сүресі, 124-аят).
Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ