Бәдәуи арабтардың бірі бір талды суғарып, баптап, жанынан шықпайтын. Себебін сұрағандарға:
«Бұл-менің досым. Оның бойында үш қасиеті бар:
Біріншісі, менен бір сөз естісе, оны ешкімге тасымайды;
екіншісі, егер бетіне түкірсем, маған сабыр етеді;
үшіншісі, егер оған тиісіп, соқтықсам, ренжімейді» дейді екен.
Бұл сөзді естіген Харун Рашид: «Бұл сөз менің дос атаулыдан көңілімді суытты» деген екен.
Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ