2022 жылдың 31 мамыр күні балалар күні «Ұрпақ тәрбиесі-ұлт тағдыры» атты шара өтті. Шарада ұлттық ойындар насихатталып, балалар арасына «Садақ ату», «Ақ серек-Көк серек», «Айгөлек», «Арқан тартыс» және т.б. да заманауи аниматорлық ойындар ойнатылды.
Қазақ халқында «баланы ойын өсіреді» деген даналық сөз бар. Қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алатындығы белгілі.
Бала ойнап жүріп ойланады, жүйкесі тынығады, көңілі өсіп, ойы сергиді, денесі шымырланады. Ойын арқылы тұрмыс-салт, әдет-ғұрып, ұлттық ерекшелік, дәстүр жайлы танымы, түйсігі қалыптасады.
Ойын – баланың жан серігі. Қай бала болмасын ойнап өседі. Ойын сырттай қарағанда қиындығы жоқ, оп-оңай көрінуі мүмкін. Ал іс жүзінде бала үшін ойынға қатысты басқалармен тіл табысып, өзінің ойлаған ойын іске асырады.