Сұрақ: Ұрлықпен қамалған адамның ұсынған тамақтарынан дәм татуға бола ма? Ортақ ас ішілгенде олардың да үлесі болса, не істеу керек?
Жауап: Бір адамның немесе мекеменің табысының көп бөлігі Ислам тыйым салған тонау, ұрлық, пайыз және т.б. дінде мақұл көрілмеген жолмен келген болса, олардың сыйлығын алу дұрыс емес. Алайда, табысының көп бөлігі халал жолмен келген болса, олар ұсынған сыйлық, бағыштау және берген асын қабылдауға болады. [Мәусыли Ықтияр 11, 436].
Осыған орай, ұрлықпен қамалған адамдар ұсынған астың көбі халал жолмен келген болса, олардың сыйлығы мен асын қабылдауға болады.
Жемқорлар да балаларын хараммен асырап жатыр-ау! Оларға осындай жазбаларды жиі көрсетіп, көзін жеткізіп отыру керек. Ертеңгісінен қорықсын