Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Атығай Арыстанов айтты.
Елдегі жаппай тәртіпсіздік барысында елдегі қару-жарақ дүкендерінен, құқық қорғау және арнайы орган ғимаратынан қылмыскерлер атыс қаруы мен оқ-дәрілер ұрлады. Ұрланған қарулар мен оқ-дәрі заңсыз мақсатта пайдалануы мүмкін. Сондай-ақ азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Қару мен оқ-дәріні заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік көзделген, – деді Арыстанов.
Оның айтуынша, заңсыз қару мен оқ-дәріні, жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.
Осыған байланысты ІІМ азаматтарды заңсыз сақтаған қару мен оқ-дәрілерді, жарлығыш заттарды өз еркімен тапсыруға шақырады. Жазатайым оқиғаларды алдын алу мақсатында жарылғыш заттарды тасымалдауға тырыспаңыздар. Бұл туралы полицияға хабарлауды сұраймыз, – деді ол.