Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ұлы ақын Гётенің тіліндегі Ислам

23.08.2020
- Қоғам
0
495
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Оксфорд университетінің профессоры Джеффри Льюис (Geoffrey Lewis) білікті тіл маманы, сондай-ақ түрік тілін де зерттеуші. Ол 1994 жылы Боғазичи университетінде кейбір шетелдік ғалымдарға «Құрметті доктор» атағын беру салтанатты шарасындағы баяндамасында түрік мәдениетіне отбасымен жақын әрі жылы қарым-қатынаста екендіктерін тілге тиек ете отырып, «Тіл реформасы» туралы бір кітап жазып жатқанын жеткізіп, былай дейді:

«Алайда, Тіл реформасына қатысты қалам тербеген осы бір кітабым аяқталып жарияланғаннан кейін, кейбір достармен арамызда аз-маз түсініспеушілік орнауы мүмкін!».

«Өткеннен сабақ алу»

Достарымен арасында не үшін түсініспеушілік орнау себебін сұрағандарға былай деп тіл қатады:

«Универсиеттің екі міндеті бар. Алғашқысы – жастарды жетілдіріп, зерттеулері арқылы болашаққа бағдар беріп, жеңіске жету. Екінші міндеті – адамдардың ортақ мәдени және ғылыми мұрасы ұмытылмауы үшін өткеннен сабақ алуы».

Расымен де, «өткеннен сабақ алу» қажеттігін алға тартып және өткенмен өмір сүруге болмайтынын мәлімдеген Д. Льюис, былай топшылайды:

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025
Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

21.11.2025

«Дін іздеген шетелдік ретінде Исламның керемет дін екенін сенімді түрде жариялағым келеді!».

Иә, Құрметті профессор кейбір түрік достарын расымен де осылай «ашуландырса» керек. Бірақ, не шара! Бүгінде болған кейбір жағдайлар осыны көрсетіп тұрғандай. Және ол бұны айтқан алғашқы адам емес. Тіпті, ХІХ ғасырдан бастап көптеген танымал ғалымдар, өнер иелері мен ойшылдар да осыны мойындайды.

Бүгінгі мақаламызда төрткүл дүниеге мәшһүр тұлға, шығармалары озық классикалық еңбектер арасына кірген кемеңгерлердің бірі – Йоганн Вольфганг фон Гётенің Исламға деген қызығушылықтары, қарым-қатынасы, әсерлері, тіпті, сүйіспеншіліктері туралы сөз қозғамақпыз.

Неміс ақыны, драматург, прозашы, философ, ғалым Йоганн Вольфганг фон ГЁТЕ (Johann Wolfgang von Goethe) 1749 жылдың 28 тамызында Франкфуртта дүниеге келген. Ол 16 жасында Лейпциг университетінің құқық бөлімінде оқиды. Ғашық болады. Тұңғыш жыр шумақтарын алғашқы махаббаты Анна Катарина Скнкопфқа арнады. Бұл өлеңі «The Lover’s Caprice» қойылымында махаббаттың қайғы-қасіреті көрінісін тапты. «Annette» атты тырнақалды жыр кітабы жарық көрді.

Жиырма үш жасынан бастап Й. Гётенің өмірінде Ислам – үлкен әрі әсерлі бір орын ала бастайды.

Мұса (ғ.с.) секілді дұға еткен

Ол құқық саласындағы оқуын бітіріп, докторлық оқу үшін Страсбург  университетіне келіп, атақты теолог Иоганн Гердермен (Herder) танысып, дос болады. Бұл жақындық қасиетті Құран арқылы басталған.

Екеуінің арасындағы бір әңгімеде Гёте: «Сондай хикметті әрі керемет сөздер қолданасың, оның сыры неде?» деп сұрағанда, Гердер: «Міне, менің хикметті сөздерімнің қайнар-көзі» деп араб тілінде жазылған бір кітапты ұсынады. Бұл қасиетті Құран Кәрім еді.

Оның Гердерге жазған хатында мына сөйлем ақ қағазда көрініс табады: «Құранда Мұсаның (ғ.с.) дұға еткені секілді дұға еткім келеді: Я, Раббым! Тар кеудемді кеңейт…». Бұл қасиетті Құрандағы «Таһа» сүресінің 25-аяты еді.

Гёте құқықшы ретінде Дармштадт сотында қызмет ете бастайды. «Frankfurter Gelehrte Anzeigen» атты танымал мәдени-өнер газетінде фильмдер, театр қойылымдары мен кітаптарға байланысты сыни мақалалары жарық көреді. Ол 1774 жылы «Жас Вертердің азап шегуі» атты шығармасы арқылы танымал болады. Христиан дінін қабылдамайтынын мәлімдейді.

«Исламмен өмір сүріп, өлу..»

Оның Иоганн Петер Эккерманмен (Eckermann) болған бір әңгімесінде:

«Көріп тұрғаныңдай, бұл сенімнің ешқандай бір кемшілігі жоқ. Жасаған жүйелеріміз бізді одан әрі ілгерілете алмады, бұл мүмкін емес те еді. Бірақ, мұсылмандардың бұл пәлсапалық жүйесі, ізгіліктің қандай сатысында тұрғанымызды білу үшін өзіміз бен басқаларға қолдана алатын пайдалы бір өлшем».

Мына сөздер де оған қатысты: «Шынтуайтында, Ислам – Аллаға бойұсыну мағынасында. Олай болса, бәріміз Исламмен өмір сүріп, өлудеміз».

Алланың бір екендігін мойындаған…  

«Ислам – жасыма сәйкес поэзияға орын береді. Алланың бір екені, әмірлеріне бойұсыну, Пайғамбардың (с.ғ.с.) елші екеніне, осылардың барлығы сенімімізге, қиялымызға сәйкес келеді».

Бұл сөздерді тілге тиек еткен Гёте, Алланың бір екендігін (таухид) ашық мойындайды. «Бір болған Аллаға иман, үнемі рухани жаңғыртатын әсер көрсетеді. Сондай-ақ, бұл сенім адамға өзінің ішкі әлемінің Бір және Жалғыз екенін көрсетеді».

Құранның немісше тәржімаланған нұсқасын ұнатпаған Гёте, бұларды Құранның тәпсірі болуын лайық көрмеді, жеткіліксіз болды. Сонда да…

Құран Кәрімнің қателіктер мен кемшін тұстарға толы болған қолындағы аудармасын оқығанына қарамастан, бұл қасиетті кітап Құран жайында мына өлең жолдары да оның сенімін айғақтайды:

          Құранның мәңгілік болып-болмауы,

          Менде бір күмән тудырмас!

          Мұсылман ретінде маған парыз болғаны сияқты,

          Кітаптардың Кітабы екеніне иман келтіремін!

          Адасушылық мені тайдырғысы келеді;

          Бірақ, Сен күмәндарымды сейілтуді білесің.

          Амалдарым мен жырларымдасың,

          Сен жолыма бағыт бересің…

Өзінің мұсылман екендігін мәлімдеген

Гёте «Шығыс-Батыс диваны» шығармасында француз Раайердің (Ruyer) 1770 жылға дейін сегіз рет басылып шыққан Құран тәржімасын қолданған. Шабыт алып әрі зерттеу жасаған аудармасы – 1698 жылы итальяндық шығыстанушы, аудармашы Людовико Марраччидің (Ludovico Marracci) филологиялық көзқарасы арқылы латыншаға тәржімаланған нұсқасы еді.

Гётенің «Шығыс-Батыс диваны» атты еңбегі «Фауст» шығармасынан кейінгі ең маңызды туындысы болып есептеледі. 1816 жылы Веймар протестант лицейінің залын ғибадатханаға айналдырып, Байрам намазын оқыған деседі. Артынша, түрік мұсылмандарымен кездесіп, әңгіме-дүкен құрып, жақында «Шығыс-Батыс диваны» шығармасы жарияланатынын баяндаған хабарында: «Өзінің мұсылман екендігі туралы күдікті жоққа шығармайтындығын» мәлімдейді.

Гёте бұл шығарманың «Мұхаммед» бөлімінде Құранның стилистикалық сұлулығын мына сөздермен мадақтайды: «Құранның стилі – мазмұны мен мақсатына сай бірегей, дәл, керемет және шынымен де ғажайып».

Гёте фитна, зұлымдық, фанатизмге қарсы тұрған Шығыс елдеріне қызығушылық танытты. Ұлы ақын Хз. Мұхаммедке (с.ғ.с.) жыр шумақтарын арнаған. Бұл дастанда адамзаттың асыл тәжі, рухани ұстазы Хз. Мұхаммедтен алған әсерін таулардан атқылап шыққан таза мөлдір бұлаққа теңейді:

          Қуаныштары ап-айқын,

          Жұлдыздары да жарқын.

          Таудан аққан балғын бұлақ…

Қасиетті Құранға тәнті болған

Ұлы аққынның Қасиетті Құран мен Пайғамбарымыз туралы кейбір сөздері мен өлеңдерімен бөліспекпіз:

«Құранның ішінде өте көп қайталама бар. Оны оқыған кезде бұл қайталаулар бізді зеріктіретін секілді. Бірақ, біраз уақыт өткеннен кейін бұл қасиетті кітап бізді өзіне тарта бастайды, сондай-ақ бізді таңдануға және соңында үлкен бір құрметке жетелейді. Бұл кітап бір ұлтқа жіберілген болуымен қатар, тәжірибеде өте қолайлы екендігімен мәңгілікке әсерін жоғалтпай әрі басқа ұлттарды төңірегіне жинайды».

«Ешкім Хз. Мұхаммедтің (с.ғ.с.) қағидаларынан басқа қадам жасай алмас. Еуропа қол жеткізген барлық жетістіктерге қарамастан біздің барша заңдарымыз Ислам мәдениеті бойынша толық емес әрі кемшін.

Біз, еуропалық халықтар, отбасылық мүмкіндіктерімізге қарамастан, Хз. Мұхаммедтің соңғы сатысына жеткен баспалдағының алғашқы сатысында тұрмыз. Бұл жарыста оны ешкім жеңе алмайтынына ешқандай күмән жоқ».

Гёте 1832 жылдың 22 наурызында Веймар қаласында дүниеден өткен. Жетпіс жасынан бастап өмірінің соңғы 13 жылында Ұлы түн – Қадір түнін атап өтетінін тілге тиек еткен ол, Ислам туралы былай дейді:

«Ислам – менің жасыма сай өлеңде шабыт беруші. Алла Тағаланың сырына, әмірлеріне бойұсыну, шешім қабылдауға күші жетпейтін дүнияуи өмірге деген тылсым көзқарас, екі дүниенің арасындағы сүйіспеншілік толқуы, саф әрі фәни өмірде айтылған шындық… Бір қарт адамға жеткіліксіз бе бұлар?..»

Дайындаған Руслан БЕГЕН

Таңбалар: басты тақырыпислам
Бөлісу12Твитерге8Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

03.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Шын «банкротқа» ұшыраушы кім?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00