Астана қаласының отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Марсель Узақов мәслихатта Ұлттық пантеон неге діни сенім бойынша аймақтарға бөлінбейтінін түсіндірді.
Бұл мәселені елордалық мәслихат депутаттары көтерген еді. Олар “Ұлттық пантеонда діни сенімге байланысты жерлеу учаскелерін бөлу қажет емес пе?” деген сұрақ жолдады.
“Астана қаласының отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы жобаның тапсырыс берушісі болып саналады, біз адамдарды жерлемейміз. Пантеон – бұл қарапайым зират емес, Қазақстанның көрнекті қайраткерлері жерленетін жер. Осыған байланысты діни бөлініс болмайды деп шешілді. Өйткені, ең алдымен, Қазақстан – зайырлы мемлекет”, – деді ведомство басшысы Марсель Узақов.
Қайнар көзі:
zakon.kz