Ұрпақ тәрбиесі – адамзат дамуының бағыт-бағдарын айқындайтын бірден-бір құбылыс. Әрбір мемлекеттің дамуындағы өзгерістер мен жаңалықтар, адамзат мінез-құлқындағы кемшіліктер мен келеңсіздіктердің бәрі ұрпақ тәрбиесіне келіп тіреледі. Ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген жас буын өзгенің жетегінде кетпейді, жалған уәдеге арбалмайды.