Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, халқымыз небір қиындықтарды басынан өткізгенімен, ұлттық құндылықтарынан қол үзбеді, ұлт руханиятын сақтау арқылы ұлттық бірегейлікті жоғалтпады. Дәстүрлі ата дініміздің өзі білімді, сауатты, мәдениетті болуды қашанда ұрпақтан талап етіп отырған. Міне сондықтан, ұлттық құндылықтарымызды, салт-дәстүрімізді сақтай отырып, жаһандану кезеңінде әлемдік мәдениеттен ойып тұрып орын алуға мүмкіндігіміз бар.