Әр ұлттың өзіндік өмір сүру әдебі бар. Туғаннан бастап өлгенге дейінгі тыныс-тіршілігін реттеп қойған моралдық қағидалары, ережелері болады. Сол ереже мен әдеп адамның мәдениетін қалыптастырады. Ал мәдениет – қоғамды біріктіретін фактор. Қазақтың ғасырлар бойы ұлт ретінде сақталып келе жатуы да оның біртұтас мәдениетіне байланысты.