Менің үлкен ағам 32-ге келді әлі үйленбеген. Жақында үйлене қояр ниеті де жоқ. Менің ағама қарамай тұрмысқа шыға беруіме діни тұрғыдан рұқсат па?
Жауап: Ислам шариғатында үйлену немесе тұрмысқа шығатын кезде кезекке қарау керек деген талап жоқ. Оның үстіне Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Үш нәрсеге асығыңыздар. Уақыты келгенде намазға, бойжеткен қызды тұрмысқа беруге, дайын тұрған жаназаны жерлеуге» деген.
Ата-бабамыз да «теңі келсе тегін бер» деп қыз баласын тезірек тұрмысқа беру керектігін айтқан. Ер жігіттерге жастың ұлғаюы тым кедергі бола қоймағанмен, қыз балалардың тұрмысқа кеш шығуы – құптарлық іс емес. Оның қоғам үшін демографиялық, әлеуметтік көптеген кері себептері бар.
Алайда халықтың ғұрпында кезекке қарау дәстүрі қалыптасып қалған болса, оны сақтауға шариғат тыйым салмайды. Алайда, оны да өмірдің шарттарына қарай отырып, дұрыс қолданған жөн.
Реті, жөні кеп тұрса, кіші бауырының немесе қарындастарының тұрмысқа шығуына немесе үйленуіне ислам дінінде тыйым салынбаған.
Алау Әділбаев
Нақты және қысқа жауап үшін рахмет)