2021 жылғы 1 қыркүйекте ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі үкіметтік емес ұйымдардан ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақыны беру үшін өтінімдерді қабылдауды аяқтайды.
Осыған байланысты, бүгінгі таңда ҮЕҰ өтінімдерін қарау үшін ҮЕҰ, БАҚ, қоғам қайраткерлері, сарапшылар, мемлекеттік органдар өкілдері кіретін (1-кезең) әлеуметтік маңызы бар 15 бағыт бойынша жұмыс істейтін жұмыс тобы құрылуда: 1) білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу; 2) азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау; 3) қоршаған ортаны қорғау; 4) жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау; 5) отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу; 6) халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау; 7) жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардағы балаларға көмек көрсету т.б.