АБҚО алаңында ҮЕҰ-ға арналған мемлекеттік гранттар конкурсы жеңімпаздарының жобаларын жария таныстыру рәсімі аяқталды.
Үш күн ішінде онлайн режимінде келесі жобалар ұсынылды:
«Қазақстан КТК Одағы» РМБҰ – жастар арасында мемлекеттік тілді дәріптеу бойынша іс-шаралар өткізу,
«Замандас 21» ҚҚ – «Қиын өмірлік жағдайға тап болған балалары бар отбасыларды қолдау жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру»,
«Дінтанушылар конгресі» ҚБ – арнайы Ислам Интернет-порталының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету «Kazislam.kz», «Қызылорда еріктілері» ҚҚ – «Аға ұрпақты волонтерлік қызметке тарту бойынша «Күміс волонтерлік» жобасы, «Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы» ҚБ – «Қайырымды істер марафоны» жобасы, «Eurasian Expert Counsil» ҚҚ- «Азаматтық қоғамды дамытудағы диалог алаңдарының рөлі: халықаралық тәжірибе».
Жоба таныстырылымы барысында байқау жеңімпаздары өз жобаларының мақсаттары мен міндеттерін, ұсынылатын қызметтер мен күтілетін нәтижелер туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Сондай-ақ, ҮЕҰ өкілдері жоба таныстырылымында көрермендердің сұрақтарына толық жауап берді.
Әлеуметтік жобаның таныстырылымын біздің сайттан cisc.kz Орталықтың Facebook парақшасында және Cisc Kazakhstan Youtube арнасынан көре аласыздар.