Павлодар қаласы, орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде қала, аудан имамдарының кезекті жиналысы өтті. Жиналыс тақырыбы «Уақып – сарқылмайтын сауап». Имамдар осы тақырып аясында әңгіме өрбітті.
Жиында ҚМДБ-ның уақыпқа қатты көңіл бөліп жатқаны, уақыптың не екенін халық түсінбей жатқаны, оны барынша түсіндіру қажет екендігі айтылды. Сонымен бірге уақып аясында қайырымдылық жұмыстар істеу, мағынасын түсіндіру, қайырымдылақ дүкендер ашу, халыққа түсіндіру жұмысын белсенді түрде жалғастыра беру жөн деп көрді.
Сондай-ақ имамдар 2023 жылы облыс көлемінде уақып бағытында атқарған жұмыстарын талқылап қорытындылады. Алдағы уақыттарда да бұл жұмыс жалғасын таба береді деп тапсырмалар берілді.