Бірде Сүлеймен (а.с.) пайғамбар өзінің билігін, байлығын және оны ешкім тартып ала алмайтынын айтып мақтанған көрінеді. Сонда жанында отырған бәбісек құс:
“Әй, Сүлеймен (а.с.) пайғамбар! Сен өйтіп артық айтып масаттанба! Қаласам, қанатымды сулап алып, уақып етілген жерге барып, топырағына аунап, сол уақып топырағын сенің сарайыңның үстіне шашып жіберсем, патшалығың һәлак болады” деген екен.
Сол сәтте, Сүлеймен (а.с.) дереу қате сөйлегені үшін Алладан кешірім сұрапты.
Себебі әрбір уақыпқа қойылған мүлік (мешіт, медресе, жетімдер үйі, егістік, кітап т.б.) – Алланың мүлкі болып, оны ақысыз алу үлкен күнә саналады.
Қуат ҚАБДОЛДА