Бүгін Маңғыстау облысы Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі, ғұламалар кеңесінің хатшысы, РАНТ мүшесі, филология ғылымдарының PhD докторы Батыржан Берденұлы облыстағы дін қызметкерлеріне «Уағыз-насихат айтудың әдебі» тақырыбында семинар өткізді.
Іс-шараға Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы, «Отпан» ақпараттық-түсіндіру және оңалту орталығының директоры Азамат Нұғманұлы және жергілікті дін қызметкерлері қатысты.
Батыржан Мансұров имамдар мен ұстаздарға бұл тақырыпты жан-жақты ашып, жамағатқа уағыз айту кезіндегі қажетті кеңестермен бөлісті. Сондай-ақ, уағызшының тұлғалық келбетіндегі «ықылас», «сенімділік», «жауапкершілікті сезіну» сияқты қасиеттердің және оның білімді болуы, тілінің тазалығы, дауыс ырғағы сынды қабілеттерінің маңыздылығына тоқталды.
РАНТ мүшесі Батыржан Мансұров жергілікті дін қызметкерлері тарапынан қойылған дін саласындағы өзекті әртүрлі сұрақтарына тұщымды жауап берді.