Абдулла ибн Масғуд (родиял-лаһу ғанһу) айтады:
«Бiз Нәбимен (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) бiрге (жолға) шықтық. Ол уақытта бiз үйленуге жағдайымыз болмағандықтан бойдақ едiк.
Расулалла (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) бiзге:
«Уа, жiгiттер! Жағдайларың келсе үйленiңдер. Өйткенi үйлену көздi тыйып,[1] жыныс мүшесiн сақтайды.[2] Үйленуге жағдайы келмеген, ораза ұстасын. Өйткенi ол шәһуатты тыяды[3]», – дедi».
Хадистi Абдулла ибн Масғудтан (родиял-лаһу ғанһу) Имам Тирмизи риуаят еттi.
[1]яғни, көрсеқызарлықтан сақтап.
[2]яғни, некесіз қосылудан.
[3]яғни, жыныстық қатынасқа деген қызығушылық пен құмарлықты.