Аl-Arabi al-Jadid басылымы аталмыш лаңкестік ұйымымен пікірлес парақшалардың 10 белгісін анықтады.
- Парақшаның ашылу уақыты 2013 жылдан, яғни ұйым құрылған кезден басталады.
- ИШИМ-ге қатысты кез келген сынға жауап береді.
- Ұйым логотипі жеке суреті есебінде жарияланады.
- Қолданушының аты-жөні ұйымға еш қатысы жоқ секілді, көбіне ұяң, байқаусыз есімдер көрсетілуі мүмкін.
- Үрей тудыру мақсатында террорлық пен қорқыту арқылы қорқынышты фотоматериалдар таратады.
- Өзге парақшаларға және материалдарға жиі сілтеме жасайды.
- Эмоционалдық және қорқынышты фотоматериалдардың құпиясын білдіретін кілт сөздерді жиі қолданады.
- Мына нәрселерді жиі қайталайды: Шахада, халифат, Ислам мемлекеті, әмірлік, кеңейту, адасушы және Бейруттан Диял провинциясына дейінгі атаулар.
- ИШИМ-ге қолдау білдіретін барлық кілт сөздерді қосып пайдалану.
- Сауд отбасыларына тән және аймақтық фамилия атауларын қолдану: аш-Шами, әл-Либи, т.б. Америкалық мамандардың деректері бойынша “Twitter”-дің 46 мың парақшасы ИШИМ ұйымы үшін жұмыс істейді, 3 млн-нан аса хабарламалар Сауд Арабиясынан шыққан, сондай-ақ 1, 7 млн террористік бейнежазбалар таратылған.