Қызылорда облысындағы ЗК-169/1 тергеу изоляторында экстремизм және терроризм баптары бойынша сотталған азаматтар жазаларын өтеп жатыр.
Осы орайда, жат ағымға кіріп, адасқан, бүгінде мекеменің оқшауланған аймағында отырған сотталғандарымен үздіксіз теологиялық оңалту жұмыстары жүргізілуде.
Соның қатарында олардың бойында оң иммуниттет қалыптастыру мақсатында, сотталғандардың өз беттерімен сауаттарын арттырып, танымдарын кеңейтулері үшін, діни әдебиеттермен қамтамасыз ету жолға қойылған.
Мекеменің теолог маманы Р. Рузиев ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінен мекеменің кітапхана қорын толтыру үшін дәстүрлі ислам бағытындағы кітаптарды сұратқан болатын. Нәтижесінде орталық мешіттің наиб имамы Жеңіс Әбибуллаұлы түзеу изоляторына 2 Құран мен 29 діни әдебиет әкеліп берді.
– Бұл кітаптар жазасын өтеушілердің түзелуіне ықпалын тигізеді, сотталғандарды рухани тәрбиелейді. Оларды адамгершілікке, имандылыққа баулуға оң әсерін беріп, өмірлік көзқарастарын жағымды бағытқа өзгертуге септігін тигізеді, – дейді Ж. Әбибуллаұлы.