19 желтоқсан күні Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде Маңғыстау облысы ҚАЖ департаментіне қарасты түзеу мекемесінің қызметкерлері Арасында діни экстремизмнің алдын алу бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Шара «Отпан» Ақпараттық-түсіндіру және оңалту орталығының ұйымдастыруымен республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Азамат Нұғманұлы жұмылдырылды.
Осы ретте азаматтық қауымдастықтың мемлекеттік органдармен бұл бағытта бірлесе жұмыс атқаруы маңызды болып табылатыны жеткізілді.
Полиция қызметкерлеріне теріс ағымдардың алдын алу мәселесі ең алдымен әр отбасының, қоғамның және мемлекеттің жауапкершілігі болып табылатыны аңғартылды.
Шара барысында құқық қорғау қызметкерлеріне конфессияаралық және этносаралық келісімді сақтау мемлекет пен қоғамның басты ұстанымы екендігі баяндалды.
Бұл ретте халық рухани және құқықтық сауатын көтеру, олардың бойына адамгершілік құндылықтарын сіңіру және теріс ағымдарға қарсы тұра алатын иммунитет қалыптастыру – зор маңызға ие екендігі айтылды.