Ибраһим (а.с.) пайғамбар өте қонақжай адам болыпты.тӘрдайым асын біреумен бөлісіп ішеді екен. Егер үйіне қонақ не жолаушы келмесе, үш күнге дейін аш жүретін күндері де болатын көрінеді.
Алла Тағала Құранда: «Ибраһим мен Мұсаның (ғ.с.) жазбаларында (сухуфтарында)» (Ағла:19), – дегендей, Ибраһимнің (а.с.) парақтары бар еді. Ол сол парақтардан соңғы пайғамбардың үмбеті жайлы оқып, Алла Тағаладан соларды дастарханыма қонақ етсем деп өтінеді.
Алла Тағала олар соңғы үмбет болғандықтан, әлі дүниеге келмегендіктен, мүмкін еместігін білдірсе де, Ибраһим (а.с.) соңғы үмбет дастарханына менен бір сыйлық барсыншы деп сұрайды. Сол кезде Алла Тағала аспаннан бір зат түсіреді, ол зат – тұз екен.
Бұған дейін адамзат баласы тұзды пайдаланып көрмеген деседі. Тұз сондай зат, «Мұхтасар Уиқоя» кітабында: «Егер, тұзға есек түсіп кетіп, тұзға айналса, таза затқа айналуы жөнінде «Тезектің күлі тұзға айналған есектей таза», – деп айтылғанынан көреміз. (“Мұхтасар Уиқоя фи Масааилил Хидая”, “Тазалық” бөлімі, 10 бет)
Тұз жөнінде келген қиссадан мынадай ғибрат алады екенбіз:
1) Ибраһим (а.с.) өте жомарт болған пайғамбар. Жомарттық – адам бойындағы жақсы қасиет. Алла Тағала жомарт пендесін жақсы көреді.
2) Ибраһим (а.с.) парақтарына қарап, соңғы үмбет жайлы білді және соларға сыйлық беруге тырысты. Яғни, бұл оқиғадан алатын дәріс, біз де болашаққа бағдар жасап, ғылымда, білімде алдыңғы қатарда болуымыз қажет.
3) Тұз – тазалаушы зат. Керек десеңіз, нәжіс затты – есекті таза затқа айналдырғаны сияқты, аң терілері де тұздалған уақытта таза затқа айналады.
4) Тұз жайлы жаңа қисса оқып үйрендік.
Тұз – адам өмірі үшін ең маңызды зат. Атам қазақ та тұзды өте қастерлеп, «Сусыз өмір – тұзсыз аспен тең», – деп, сәбиді денсаулығы мықты болсын деп тұзды суға түсірген.
Жолаушы оразада сапарға шықса, ауызын ашуға не асқа пайдалану үшін, қажет болар деп, бір түйіншек болсын, тұзын ала жүретін еді.
Алла Тағала баршамызды берген нығметіне, шүкір ететін құлдардан болуға жазсын!
Қуат ҚАБДОЛДА