Сұрақ: Мысалы, ата-анасыз көшеде өскен бала мен балалық шағында еш қиындық көрмей ата-анасының құшағында өскен баланың күнә жасау ықтималдығы әртүрлі, бірақ екеуінің де жасаған күнәсі бірдей болып санала ма?
Жауап: Қылмыстың жасалу тәсіліне байланысты, оның ауыр немесе жеңілдетілген факторларының болуы – әділеттілік талаптарының бірі. Бұлар тіпті жеке азаматтық қылмыс актілерінде де, ал Ислам құқығында, ақырыреттегі илаһи сотта олардың ескермеу, әрине, мүмкін емес.
«Жүрегі иманнан орныққаннан кейін зорлық көрген біреуден басқа біреу; иман келтіргеннен кейін Аллаға қарсы келсе, сондай-ақ біреу көңілін имансыздыққа берсе, оған Алланың ашуы және оларға зор азап бар» (Нахл, 106).
Жоғарыдағы аяттан бірдей қылмыс жасалғанымен, қандай шартта, қандай жағдайда жасалғанына байланысты шешім қабылданатыны түсінікті.
«(Лұқман): “Әй ұлым! Тарының салмағындай болса да бір жар тастың ішінде болса да көктерде не жерде болса да Алла оны (қиямет күні) келтіреді. Расында Алла өте мүлайым, толық білуші» (Лұқман, 16).
Келесі бір аяттан түсінгеніміздей, иләһи әділет таразысында ешкімнің зерредей болсын хаққысының желінуіне жол берілмейді. Қандай жағдай болмасын, барлығы судың бетіне шығады (Зілзала, 99/8).
Демек, періштелер қылмыс жасаушыны ғана емес, қылмыс болған ортаны, қандай жағдайда орындалғанын да жазады. Әділ әрі Құдіретті Алла әрбір нәрсені егжей-тегжейлі көреді және ақыретте соған қарай үкім беріледі.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ