Қазақстан мен Түркия мемлекеттері арасында тұрақты дипломатиялық қатынастармен қатар, мәдениет, білім мен ғылым, рухани саладағы байланыстар тығыз орнаған. Екі туысқан елдің ынтымақтастығы сан салалы форматта – Біріккен Ұлттар Ұйымы, Ислам ынтымақтастық ұйымы, Түркі тілдес мемлекеттер мәдениет министрлерінің Тұрақты Кеңесі – ТҮРКСОЙ сынды бірнеше бірлестіктер шеңберінде ойдағыдай жалғасуда.