Түркияның ұлттық қорғаныс министрлігі хабарлағандай, бүгін әуе шабуылы кезінде солтүстік Ирак аумағындағы Хакурк, Гара, Кандил және Асос аудандарында сепаратистік террористік ұйымдар пайдаланып жүрген үңгір, шалаш және қойма секілді 24 нысана тас талқан етілді.
Сонымен қатар көптеген террористің көзі жойылды.
“Операция барысында бейбіт халыққа, тарихи және мәдени құндылықтарға, сондай-ақ қоршаған ортаға зиян тимеу үшін барлық сақтық шаралары қабылданды” делінген хабарламада.