Түркияда биыл өткен Президенттік сайлаудан кейін Түркия Республикасының шетелдіктерге қарсы саясаты өзгеріп, оның ұшқыны шетелде білім алып жүрген студенттерге де тиіп жатқаны байқалады, деп жазады Түркиядағы «Талаба» студенттер қауымдастығының жетекшісі Жандос Айтбай әлеуметтік желідегі парақшасында.
Осыған қатысты бүгін ҚМДБ-ның Түркиядағы өкілі Жандос Айтбай Түркия Республикасы Дін Істері Басқармасы Білім беру департаменті басшысының орынбасары Ахмет Думан мырзамен кездесіп, «Хасеки» академиясында діни білім алып жатқан студенттердің виза мәселесіне бойынша біршама қиындықтардың бар екенін жеткізген.
Департамент басшылығы бұл мәселенінің тез арада оң шешімін тауып, студенттердің білім алуына кедергі келмейтіндей жағдай жасайтындығын жеткізген.