Қасиетті Рамазан айында ҚМДБ-ның Түркиядағы өкілдігінің ұйытқы болуымен Кайсери қаласындағы «Хасеки» академиясында тәлім алып жатқан шәкірттерге ауызашар дастарханын жайды, деп жазды ҚМДБ-ның Түркиядағы жауапты өкілі Жандос Айтбай әлеуметтік желідегі парақшасында.
Ауызашарға Қазақстандық шәкірттерден бөлек аталмыш академияда оқып жатқан әртүрлі ұлт өкілдерінен құралған шәкірттер бір дастарқан басында басқосты.
Игі іс-шараға аталмыш академияның директоры Доктор Абдулқадыр Кабдан ізгі-тілегін жеткізіп, «Талаба» қауымдастығының Кайсери қаласындағы жауапты өкілі Нұрбол Әбсаттарұлына ауызашар дастарқанын ұйымдастырғаны үшін және қаржылай қолдау білдірген азаматтарға алғысын білдірді.