Бұл туралы Түркияның TUSAŞ аэроғарыш компаниясының бас директоры мәлімдеді.
“Жақын айларда Түркия Қазақстанға Anka ұшқышсыз ұшатын жойғыш аппараттарының бір партиясын әкеледі”, – деді Темел Котил.
Оның сөзінше, қазіргі күні жойғыш дрондарды жеткізу бойынша басқа да елдермен келіссөздер жүріп жатыр.
“Бүгінде Түркия ұшқышсыз аппарат жасауда шетелдің технологияларына тәуелді емес. Anka-ның қозғалқыштары да өзімізде жасалады. Бұл аппараттарға сұраныс өте жоғары”, – деді ол.
Бас директор Anka жойғыш дронын жетілдіру жалғаса беретінін және оның игілігін басқа да достас елдер көретінін жеткізді.