Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти кеңесшісі Бекайдар Әміре Түркияның Кайсери қаласында оқып жатқан студенттерге ауызашар дастарханын ұйымдастырды.
«Берекет» мейрамханасында өткен ауызашарға Хасеки діни жоғары академиясының бітіруші шәкірттері мен ұстаздары қатысты.
Ауызашар дастарханына Бас мүфти кеңесшісі Бекайдар Әміре жамағаты және Анафияевтар әулеті демеушілік жасады.
Академия шәкірттері ауызашар дастарханын жайған жекелеген азаматтарға және әулетке өз алғыстарын білдіріп, дұға жасады.