Түркістан облысының бас имамы Еркебұлан Қарақұлов Созақ ауданына іс-сапармен барды.
Бас имам аудандық орталық кітапханадағы діни кітаптар сөресінің, «Шолаққорған» мешітіндегі имамдар аллеясының ашылуына қатысты. Сондай-ақ жергілікті мұражайда болып, Созақ ауданының тарихымен танысты.
«Darhan dala», «Ихсан ілімі», «Дін мен дәстүр – егіз ұғым» тақырыбында үш семинар өтті. Оған Бәйдібек және Созақ ауданының ауыл имамдары, әкімнің орынбасарлары, ішкі саясат бөлімінің меңгерушілері, ардагерлер кеңесінің төрағалары қатысты. Тәжірибе алмасу, біліктілікті арттыру, ішкі туризмді жаңғырту мақсатындағы танымдық семинарлар барлық ауданда өтеді.