Қазақстан делегациясы Түркі мемлекеттері ұйымының халықаралық волонтерлер мектебіне қатысады.
Қырғыз Республикасының Шу облысында түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер арасында жас волонтерлерге арналған халықаралық мектеп өтуде. Аталған іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Түрікменстан және Өзбекстаннан 100-ге жуық қатысушы жиналды.
Іс-шараға волонтерлік ұйымдардың, мемлекеттік құрылымдардың, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ ТМҰ елдерінің белсенді азаматтары мен жастары қатысуда. Мектеп халықаралық ынтымақтастықты нығайту және еріктілік саласындағы озық тәжірибемен алмасу үшін бірегей мүмкіндіктер ұсынады.
Мектеп аясында қатысушылар келесі бағыттар бойынша білім ала алады:
❇️Ерікті ұйымдар арасындағы ынтымақтастық пен серіктестікті дамыту.
❇️Әлеуметтік, экологиялық және экономикалық мәселелерді шешу үшін волонтерліктің маңыздылығына назар аудару.
❇️Белсенді азаматтық қоғамды қалыптастыру және жастарды волонтерлік қызметке тарту үшін жағдай жасау.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі