2023 жылы Түркияның күштік құрылымдары жалпы саны 22 мыңнан аса операция өткізіп, 923 лаңкестің көзін құртты. Олардың арасында РКК, FETÖ және ДАИШ сынды террористік ұйымдардың мүшелері де бар.
Бұл туралы Түркияның ішкі істер министрі Әли Ерликая айтты. Оның сөзінше, елдің құқық қорғау органдары террористік ұйымдарға қарсы ымырасыз күресті жалғастыра береді.