Сөздік мағынасы «жол керсету, тура жолға бет бұру және ақиқатқа қол жеткізу» дегенді білдіреді.
Термин ретінде болса, Алланың кітап пен Пайғамбарлары арқылы адамдарға жол көрсетуі және оларды осы жолға жеткізуі дегенді меңзейді. Алла Тағала өзін осы қасиетіне байланысты hәди деп аталады.
Кәлам ілімінде hидаят ұғымы көбінесе құлдын іс әрекет бойынша бағалаған. Сәләф яғни алғашқы ғасыр ғалымдары hидаятты Алланың Пайғамбарлары мен кітабын жеткілікті көрумен қатар негізгі hидаят құлдың ақиқатқа қол жеткізуіне мүмкіндік берген Иләhи ерік, құлды hидаяқа жеткізуші және көкейіне салып, хайырды оңайлату деп қараған.
Әшғари ғалымдары hидаятты Алланың тура жолды көрсетіп жеткізуі, иманды Мүминдердің жүрегінде жаратқандағы деп анықтама береді.
Матурида ғұламалары болса, hидаятты «тура жолды көрсетіп анықтау» және «соған жеткізу» деп екі мағына ретінде қабылдып, бірісінше «hидаят мусилә», екіншісіне «hидаят ғайри-мусилә» деп атаған.
Қорыта келе «hидаяттың Алладан келуі», Алланың түсірген кітаптары мен жіберген Пайғамбарларымен тура жолды көрсетуі және осы құлдың сол тура жолда тайқымай, жүрегімен сол иманға лайықты бола білуі.