Сұрақ: Тура жол дегеніміз не? Тура жолдың Алладан келетіні туралы не айтасыз?
Жауап: Бұл сөздің мағынасы “жол көрсету, тура жолға бет бұру және ақиқатқа қол жеткізу” дегенді білдіреді. Термин ретінде болса, Алланың кітап пен Пайғамбарлары арқылы адамдарға жол көрсетуі және оларды осы жолға жеткізуі дегенді меңзейді. Алла Тағала өзін осы қасиетіне байланысты һәди деп атаған.
Кәлам ілімінде Һидаят ұғымы көбінесе құлдың іс-әрекеті бойынша бағаланған. Сәләф яғни алғашқы ғасыр ғалымдары һидаятты Алланың Пайғамбарлары мен кітабын жеткілікті көрумен қатар негізгі һидаят құлдың ақиқатқа қол жеткізуіне мүмкіндік берген Иләһи ерік, құлды һидаятқа жеткізуші және көкейіне салып, хайырды оңайлатуы деп қараған.
Әшғари ғалымдары һидаятты Алланың тура жолды көрсетіп жеткізуі, иманды Мүміндердің жүрегінде жаратқандығы деп анықтама береді. Матурида ғұламалары болса, һидаятты “тура жолды көрсетіп анықтау” және “соған жеткізу” деп екі мағына ретінде қабылдап, біріншісіне “һидаят мусилә”, екіншісіне “һидаят ғайри-мусилә” деп атаған.
Қорыта келе, “һидаяттың Алладан келуі”, Алланың түсірген кітаптары мен жіберген Пайғамбарларымен тура жолды көрсетуі және осы құлдың сол тура жолда тайқымай, жүрегімен сол иманға лайықты бола білуі.