Алла Тағала Құранда: «Ұйқыларыңды дамылдап тынығудың бірден-бір жолы қылдық. Түнді (бейне бір) жамылғы, ал күндізді тіршілік уақыты қылдық», дейді («Нәбә» сүресі, 10-11 аяттар).
Ұйқының пайдасы Алланың қараңғылығы арқылы болады. Американың Аризона университетінің зерттеуші ғалымдары ұйқының қараңғылық уақытында адам денсаулығына пайдалы болуына және адамның иммунитетінің күшеюіне үлкен әсері бар екенін растады. Сонымен бірге, ғалымдар қараңғылықта адам ағзасынан сүт безі обыры мен простатит ауруларына қарсы тұруда рөлі зор – «мелатонин» гормоны бөлінетінін айтып өтті.
Бұл зерттеулер ағзадан бөлінген мелатониннің рак жасушаларының дамуын тежейтінін анықтады. Жарық бөлмеде бұл гормон жұмыс істемейді екен. Ғалымдар бұл – Алла жаратқан табиғи емнің қараңғы түнді пайдаланғанда ғана жұмыс істейді дейді.
Қараңғылық қатерлі ісіктен белгілі уақытта ғана қорған болады. Қараңғы түн адам ағзасына белгілі бір гормондар бөлген сияқты, күндізгі жарық та адам ағзасына пайдалы басқа гормондарды (серотонин) бөледі. Бұл гормондар иммунитетті күшейтіп, ағзаны көптеген аурулардан қорғайды.
Құран Кәрімнің «Ғафир» сүресінде: «Ол – тынығып дамылдауларың үшін түнді, айналаны емін-еркін көріп, тіршілік ете алуларың үшін күндізді жарық қылып жаратқан Алла…», деп келеді. Ал пайғамбардың (с.ғ.с.) ұйықтар алдында үйлеріңдегі отты өшіріп жатыңдар деген мағынадағы хадисі бар екенін көзі қарақты оқырман жақсы біледі.
Жоғарыда айтылған түннің қараңғылық уақытының ең пайдалы уақыты – кешкі 22:00-ден бастап түнгі 01.00-ге дейінгі аралық. Сондай-ақ, кейде ұйықтасақ та, бөлмемізге жарық қосып немесе қалта телефонының жарығына қарап жатып ұйықтау ағзада мелатониннің бөлінуін тежейтініне көзіміз жетті.
Керек десеңіз, мұсылман ғалымдары асқа жиырма төрт сағат жарық жанып тұратын жердегі ферма тауықтарынан гөрі үйде асыралатын: түнде өз уақытында ұйықтап, күндіз жем жейтін тауықты пайдалануға да кеңес береді. Алланың заңынан еш кемшілік табылмауы ақиқат. Тек адам баласы сол заңдылыққа сәйкес өмір сүрсе, екі дүниеде бақытты болар еді.
Қуат ҚАБДОЛДА