Сауд Арабиясы ғарышкерлер дайындау бағдарламасын іске қосты. Корольдіктің Ғарыш басқармасы хабарлағандай, алғашқы саудиялық экипаж 2023 жылы ғарышқа ұшуы тиіс.
Олардың ішінде бір әйел де бар. Бұл араб мемлекеті үшін тарихи оқиға болмақ.
Айта кетсек, Сауд Арабиясы 2030 жылға дейінгі экономиканы қайда құру және мұнайға деген тәуелділікті азайту мақсатындағы кең көлемді стратегия шеңберінде ғылым мен технологияны дамытуға ден қоюда. Бұл жоспарды Саудияның тақ мұрагері Мұхаммед ибн Салман қолдап отыр және әйелдерді де жұмысқа араластыруға шақыруда. Мәселен, 2018 жылы ғана бұл елде әйелдердің көлік айдауына рұқсат етілді.
Еске сала кетсек, арабтан шыққан тұңғыш ғарышкер – Сауд Арабиясының ханзадасы, тақ мұрагерінің ағасы Сұлтан ибн Салман болған еді. Ол 1985 жылы НАСА Discovery экипажы құрамында ғарышқа ұшты. Кейін 2018 жылдан 2021 жылға дейін Сауд Арабиясының Ғарыш комиссиясын басқарды.
Фото: Pixabay