Қазақтың салт-дәстүрінде сырттай қарағанда Құдайға серік қосқандай болып көрінетін амалдар бар. Бірақ оның шығу тегі мен астарына үңілген адам ол жерде шариғатқа теріс келмейтін ізгі ниет пен мақсат жатқанын көреді. Сондай амалдардың бірі – тұмар тағу. Ата-бабамыз сәбиге неге тұмар тақты? Бұл туралы Шымкент қалалық мешітінің имамы айтып берді.