Бүгін Түлкібас аудандық орталық мешітте мәуліт оқылып, бабалар рухына 100 Құран Хатым дұғасы жасалды.
Игі шараға Түркістан облысының бас имамы Еркебұлан қажы Ыбырайымұлы арнайы қатысып, оқылған Құран Хатым мен Мәуліт батасын берді.
Шараға қатысқан мешіт шәкірттері мен жамағатына арнайы шақырылған «Нұр-Мүбарак» университетінің оқытушысы, Әл-Азhар университетінің түлегі, Phd докторант Амангелді Тілекқабыл Әз Пайғамбар (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) туралы уағыз айтты.
«Мәуліт айының басталуымен аудандық «Түлкібас ата» мешітінде күн сайын шәкірттермен бірігіп Құран Хатым оқылып отырды. Бір айға жуық уақыт ішінде 100 Құран Хатым оқылып, тәмамдалды. Сонымен қатар, «намаз соңында оқылатын «Салли Барик» салауаты қосылып оқылса 1салауат есебінде» деген шартпен 23 күн бойы салауат айтудан жарыс өтіп, нәтижесінде; 1 орын 45000 мәрте салауат айтқан мешіт ақсақалы Асаналі ағамызға бұйырса, 2 орын 17000 мәрте салауат айтқан мешіт шәкірті һәм тұрақты жамағат Талғат мырзаға, 3 орын 12 000 мәрте салауат айтқан мешітіміздің жас жамағаты Жайдар бауырымызға насіп болып, оларға сыйлықтар табысталды. Алла Тағала баршамыдың дұға тілектерімізді қабыл етсін. Мәуліттен мәулітке аман-есен жете берейік» дейді аудандық «Түлкібас ата» мешітінің бас имамы Мағаз қажы Серік.